Шетелдік әскерилер Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік әскерилер Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалады

15.05.2013
Шетелдік әскерилер Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалады
Шетелдік әскерилер Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалады. Бұл жөнінде еліміздің Қарулы күштерінің 21 жылдығына орай Ресейдегі Қазақстан елшілігінің әскери өкілдігі өткізген ресми қабылдауында айтылды.
 
Шараға штаб-пәтері Мәскеу қаласында орналасқан Халықаралық әскери ұйымдардың өкілдері мен өзге де шет мемлекеттердің қорғаныс саласына жауапты мамандары қатысты. Салтанатты жиын барысында еліміздің әскерилері қарулы күштердің тәуелсіздік алған уақыттан бергі қол жеткізген жетістіктерін баяндап берді.
 
Сонымен қатар мәртебелі қонақтар еліміздің қорғаныс саласына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шараларының барысымен танысты.
 
Бен Рейненберг, Ресей Федерациясындағы Нидерланд елшілігінің Қорғаныс істері жөніндегі атташесінің орынбасары:
Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік деңгейде тойлау өте жақсы бастама деп ойлаймын. Мысалы, Нидерланд корольдігінде ондай мереке жоқ. Мен биыл Қазақстанда тұңғыш рет өткен әскери шеруді теледидар арқылы тамашаладым. Және оның жоғары деңгейде өткеніне қарап, қазақ армиясы 21 жылдың ішінде толық қалыптасып, өз міндетін мүлтіксіз атқарып отыр деген тоқтамға келдім.  
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ     

Хабарламаларға жазылу