«Самұрық-Қазына» ардагерлерге көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» ардагерлерге көмектеседі

06.05.2014
«Самұрық-Қазына» ардагерлерге көмектеседі

 

«Самұрық-Қазына» қоры ардагерлерге жарты миллиард теңге бөлуді қарастыруда. Бөлінген қаржыға соғыс ардагерлерінің кітаптары шығарылып, мәдени-әлеуметтік шаралар өткізіледі. Бүгін қордың Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен «Ардагерлер ұйымының» белсенділері осындай келісімге келді.
 
Қордың еншілес компаниялары да ардагерлерден көмегін аямайды. Мәселен, майдангер қарттар 1 мамырдан бастап, жыл соңына дейін пойыздарда тегін жүрсе, мамырдың 1-нен маусымның 15-не дейін ұшақтарға ақысыз отырады. Шығын «Қазақстан теміржолы» мен «Эйр Астана» компаниясының есебінен.
 
Дархан Қалетаев, «Самұрық Қазына» қорының басқарушы директоры:
Бiздiң қорға кiретiн компаниялар жергiлiктi жерлерде, барлық қалаларда кездесу өткiзiп жатыр. Оларды марапаттап, құрметтеуде. Бiз бүгiн Ардагерлер ұйымының басшылығымен кездесу өткiзiп, биыл және алдағы жылдары атқарылатын нақты шараларды белгiледiк. Айта кетсек, ардагерлер кеңесiмен бiрлесе, бүкiл ардагерлердiң жалпы жағдайын анықтау үшiн талдау жұмыстары жасалады.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу