«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа 7-ші бағыты айқындалды

16.11.2018

«Ауылым – ел бесігім» бастамасы келер жылдан бастап қолға алынбақ. Бұл туралы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев Оралда өткен облыстық үкіметтік емес ұйымдардың форумында айтты. Өңірде 700-ге жуық қоғамдық ұйым тіркелген. Бірақ, оның тек 100-ден астамы белсенді жұмыс істейді. Соңғы алты жылда мемлекеттік тапсырыс көлемі 6 есеге артқан. Биылдың өзінде 834 млн. теңгені құрайтын 200 жоба жүзеге асып жатыр. Бұл елішілік соңғы жиын. Қоғамдық ұйым өкілдері қарашаның 27-сі күні республикалық форумда Астанада бас қосады.

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- «Ауылым – ел бесігім». Бұл бағдарлама Елбасының Жолдауында ұсыныс ретінде айтылды. Ауылға тек қана бизнес-жобалар әкелмей, әлеуметтік жобаларды да жүргізу туралы ұсыныс болды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу