Студенттердің тарихи құндылықтарға қызығушылығы артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттердің тарихи құндылықтарға қызығушылығы артқан

06.11.2018

«Мемлекет басшысы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бабалар мұрасын қайта жаңғыртуға негіз болды». Бұл - Алматы университетінің тәлімгерлерімен кездескен тіл маманы Гүлбану Қосымованың орамды ойы. Оның айтуынша, бағдарлама қабылданғаннан кейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде студенттердің тарихи құндылықтарға деген қызығушылығы артқан. Сондықтан, ғалымдар осы бағытта тың ізденістерге кіріскен. Себебі, ұлттық болмысымызды айшықтайтын белгілер мен құнды жәдігерлер байырғы тарихымызда жатыр. «Мұның ішінде ең бірінші назар аударатын дүние - жазу тарихы», - дейді тіл маманы.

Гүлбану Қосымова, филология ғылымдарының докторы:

- Жазудың қазақ жерінде табылуының өзі, бар болуының өзі бүкіл аймақтардағы тас бедерлерінде жатуының өзі ғажап құбылыс. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бабаларымыздың еңбектерінің қайта жаңғыруына жол ашты.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу