«Рухани жаңғыру» аясында шетелдерде көрмелер өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани жаңғыру» аясында шетелдерде көрмелер өтеді

20.09.2018

«Рухани жаңғыру» аясында Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Корея және Ұлыбританияда төл өнеріміз бен мәдениетіміздің туындылары қойылған көрмелер өтеді. Осындай алғашқы көрме бүгін Лондон қаласында ашылды. «Фокус Қазақстан» атты жоба авторы Мәдениет және спорт министрлігі. Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы «Жаһандандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» аясында ұйымдастырылған. Мұндай шаралар өзге елдерде де өтеді. Лондонда ашылған Қазақстандық көрмені ағылшындар бір ай бойы тамашалай алады. 

Дэвид Элиот, сарапшысы:

- Бұл тек қазіргі заманның ғана емес, болашақтың да мәдениеті деуге болады. Бұрынғыдан ашығырақ және тең. Бұл - қазақстандық өнердің болашағына жол ашқан көрме деуге болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу