Тараз қаласында «Өлкетану. Жамбыл облысы» оқулығының таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласында «Өлкетану. Жамбыл облысы» оқулығының таныстырылымы өтті

13.08.2018

Туған жері мен өскен өңірінің тарихы мен табиғатын тану – жас ұрпақтың міндеті. Бірақ, әр аймақтың өзіне тән ерекшелігі жазылған оқулық жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа «Өлкетану» оқулығы құрастырылды. Оқулық жалпы орта білім беретін мектептердің 5, 6, 7- сынып оқушыларына арналған. Онда Жамбыл жерінің өзіне тән ерекшелігі мен дамуы жан-жақты жазылған. Мәдени құндылықтары, географиялық орналасуы жөнінде де көптеген дерек бар. Кітапқа Әулиеата өңірі туралы тараған аңыз-әңгімелер де енген.  

Дархан Байдалиев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент:

- Мағжан Жұмабаевтың педагогика оқулығын алып қарайтын болсақ, «бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, орман-тоғайдың күңіренгенін естісін, сонымен таныссын. Сонда ғана балада туған жерге деген патриотизм оянады» делінген. Бұл жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірден-бір құрал деп есептеймін. Оқушыларға берері мол.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу