Қазақстан білім беру ісін бәрінен биік қояды - Шетелдік мамандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан білім беру ісін бәрінен биік қояды - Шетелдік мамандар

18.07.2018

«Рухани жаңғырудағы өркениеттің рөлі». Алматыда осындай атаумен халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Ауқымды жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытқа басымдық берілгендіктен, конференция да 6 секцияға бөлінді. Әрі үш тілде өрбіді. Сырт елден келген мамандардың сөзінше, Қазақстан жастарға білім беру ісін бәрінен биік қояды. Сондықтан, зор табысқа аз уақыттың ішінде қол жеткізіп отыр. Мұндай серпіліс бәсекеге қабілеттілікті арттырып, озық отыз мемлекетпен иық тіресуге жетелейді.   

Еренғайып Омаров, «Қайнар» университетінің ректоры:

- Қазіргі заманда өркениеттің рөлі жоғары. Тамара Райс атты танымал ғалым «Дүниеде бір-ақ тарих бар, ол рухтың тарихы» дейді. Рухты халық әрқашан тарихты жасаған, рухты халықтың әрқашан да өркениеті мықты болған. Сондықтан, өркениет пен рух бірге жүреді.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу