Киелі мекендер тарихы дәріптелмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киелі мекендер тарихы дәріптелмек

21.06.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер – 2018» ғылыми экспедициясының мүшелері  ШҚО-дағы  Жарма, Тарбағатай ауданындағы киелі орындарды аралады. Ырғызбай Досханаұлының кесенесінде болды.

Сондай-ақ, осы шара барысында  «Ырғызбай әулие кітабы» атты туынды қалың оқырманға  таныстырылды.  Бұрын киелі орын жеке адамдардың қолында болған. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен, кесене мемлекет меншігіне қайтарылып, аумағы абаттандырылды.

Жергілікті мұражайда 18-19-шы ғасырларда қазақ тұрмысына қатысты құнды жәдігерлер сақталған. Ғалымдар сапар барысында жиналған рухани-мәдени құнды ақпараттарды жүйелеп, түрлі форматта жариялауды жоспарлап отыр.  

Ділдәбек Оразбаев, Тарбағатай ауданының әкімі:

Бұған жылына 10 мыңның үстінде туристер келіп жатыр. Бір Қазақстаннан емес басқада шет мемлекеттерден келіп жатыр. Біз осы Ырғызбай әулие кесенесі арқылы біз Қазақстанды танытамыз, елімізді танытамыз.

Дихан Қамзабекұлы, «Туған жер - 2018» ғылыми-зерттеу экспедициясының мүшесі:

Бұл экспедиция 5-6 бағытта жұмыс жасап жатыр. Бір бағыты Орталық Қазақстан, Ұлытау. Екінші бағыты Қазақстан Солтүстік өңірі Ақмола өңірі. Үшінші бағыты Қазақстан Оңтүстігі. Төртінші бағыты Қазақстанның Батысы. Бесінші бағыты шетелдегі қазақтар.

Хабарламаларға жазылу