Алматы облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына демеушілерден қаржы тарту бойынша көш басында

25.05.2018

Алматы облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына демеушілер есебінен бөлінген қаржыны тарту жағынан елімізде көш бастап тұр. Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, екі жыл ішінде бөлінген 9,4 млрд. теңге осы сөзге дәйек бола алады. Бұдан бөлек, Сүлеймен Демирел университетімен бірге «ОУПЕН ЖЕТІСУ» мобильдік қосымшасы жарық көрді. Әрі мемлекеттік бағдарламаны насихаттау ісінде белсенділік танытқан тілшілерге «Самғау» сыйлығы тағайындалды. Өңірдің қасиетті мекендерінің картасы әзірленген. Аталған тізімге аймақтың екі мыңнан астам тарихи орны енген. Сонымен қатар, «Қашқар», «Мұқали» медиа экспедицияларын ұйымдастыру жоспарланған. 

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

- Танымал кітаптарды аударуға бағытталған «Жетісудың жастарға тартуы» атты жобасы, жас өлкетанушылар мен туристтердің «Менің Отаным - Қазақстан» атты форумы өткізіледі. Жалпы, бұл бағытта 2017-2022 жылдары 878 млн. теңгеге 40 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу