Астанадағы №78 балабақша ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын шара ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы №78 балабақша ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын шара ұйымдастырды

02.05.2018

Астанадағы №78 «Асыл» атты балабақшада салмақты да, тағылымды семинар өтті. Тәрбиешілер Елбасының «Рухани жаңғыру» бастамасын негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын шағын шара ұйымдастырған. Семинарға Астанадағы басқа да 7 балабақшаның қызметкерлері қатысты. Ондағы мақсат - тәжірибе алмасу. Бұл күні салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ән мен жыр сияқты ұлттық өнердің барлық қырлары қамтылып, негізгі ерекшеліктері баяндалды. Жалпы, балабақша ұжымы балғындардың патриоттық сезімін дамыту үшін осындай шараларды жиі өткізуге ниетті.  

Ақбөпе Тұрсынқожақызы, №78 «Асыл» балабақшасының меңгерушісі:

- Осы кластер бойынша бұл семинар бізде бірінші рет болып тұр.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу