«Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыты жүзеге асуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыты жүзеге асуда

13.04.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы «Туған жер» бағдарламасы бойынша өңірлерде 85 миллиард теңгеге түрлі жобалар жүзеге асырылған. Оның 70 миллиардқа жуығы жеке кәсіпкерлердің қаржысы. Бұл туралы бүгін «Рухани жаңғырау» бағдарламасының бір жылдығына орай ашылған көрмеде айтылды. Жалпы, аталған бағдарламаның 6 бағыты бойынша да бір жылда бірқатар жұмыс атқарылған. Атап айтсақ, «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы бойынша 500-ге жуық қасиетті орын анықталып, 3 мемлекеттік қорық ашылмақ. Ал, төл мәдениетімізді әлемдік деңгейде ұлықтау үшін елдегі өнер ұжымдарының шығармашылық сапарлары ұйымдастырлған. Бұдан бөлек, бүгін мәдениет порталының тұсауы кесіліп, оған бағдарламаның барлық бағыты бойынша ақпараттар жарияланды. Сондай-ақ, 100 жаңа оқулық бағдарламасы да қарқынды жүзеге аса бастаған. Ал, «100 жаңа есім» жобасы бойынша бүкіл халықтық дауыс беру арқылы үздіктер анықталған. Олардың ішінде сан түрлі сала мен барлық өңірдің өкілдері бар.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу