Маңғыстауда Бекет ата кесенесіне апаратын жол жөнделе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда Бекет ата кесенесіне апаратын жол жөнделе бастады

02.11.2017

Ұзындығы 51 шақырымға созылған автожолды салуға бюджеттен 5 млрд.теңге бөлінген. Бірнеше киелі жерді көктей өтетін трасса еліміздің сакралды картасына енетін қасиетті орындарға қатынауды жеңілдетеді.  Құрылыс 2019 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Мәселен,  2011 жылы бұл жол пайдалануға берілген еді. Алайда, алты жылдың ішінде тозып кетті.Автожолды қайта жөндеу Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынды.

Асылбек Жолдыбаев, мердігер компания басшысы:

 - Биылға 2 млрд бөлінді. Жылдың аяғына дейін сол қаражатты игереміз. Қазіргі таңда 61 техника және 81 жұмысшы жұмыс істейді. Қолданатын шебінді өзіміз өндіреміз. Ақтау қаласындағы зауыттан жабынды тасып отырмыз.

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу