«Қазақстанның 100 жаңа есімі» анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» анықталады

16.10.2017

Көп ұзамай еліміздің 100 жаңа есімі анықталады. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаға қатысушылар үшін дауыс беру басталады. Ол үшін 100esim.el.kz сайтына кіріп, тіркелу қажет. Әр адам 302 үміткердің ішінен үш адамға дауыс бере алады.

Дауыс беру жеңіл, әрі қолайлы болу үшін үміткерлер қызмет аясы бойынша 6 салаға бөлінген: мәдениет және өнер, қоғам, бизнес, медицина, ғылым, спорт. Әр үміткер жайлы толыққанды ақпарат берілген. Дауыс беру қазанның 18-де басталып, халықтың қолдауына ең көп ие болған 100 адам осылайша іріктеліп алынады. 

Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Осы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жер-жерде талқыланып жатыр. Бұл, шын мәнінде, қоғамдық өмірге серпін әкелді десек болады. Бұған Ассамблеяның барлық құрылымдары, оның ішінде этно-мәдени бірлестіктерінің барлығы атсалысты. Соның ішінде тек осы Ассамблеяның тарапынан 893 мақала енгізілді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу