Мемлекет басшысы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа есім» иелері анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа есім» иелері анықталады

29.09.2017

Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Арнайы құрылған комиссияның кезекті отырысында аймақтардан 2 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың басым бөлігінің аты-жөндері бұрын-соңды елге танылмаған. Өзінің еңбек жолында үлкен жетістікке жеткен, қайырымдылық істерімен талай жанға көмек көрсеткен тұлғалар. Қазір солардың 500-ден астамы іріктеліп «100esim.el.kz» сайтына орналастырылды. Келесі айдың ортасына дейін нақты 300 адам іріктеледі. Содан кейін электронды түрде дауыс беру кезеңі басталады. Республикамыздың барлық аймағының тұрғындары үшін сайтқа тіркеліп, өз таңдауын жасауға мүмкіндік бар.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу