«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында Есім төренің кесенесі жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында Есім төренің кесенесі жаңартылды

03.07.2017

Алматы облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында Есім төренің кесенесі жаңартылды. Есім төре 19-ғасырдың аяғы, 20-ғасырдың басында өмір сүрген. Лепсі өңірінде дәулетті болыс, қайырымды, жомарт азамат ретінде ел есінде қалған. «Алаш орда» қозғалысын қаржылай қолдап, қиын-қыстау заманда мұқтаж жандарға малын таратып, халықтың босып кетпеуіне үлес қосқан. Есім төренің жылқысының көптігі соншалық, су ішуге келгенде Шынжылы өзені бірер сәтке ағысын тоқтатқан деседі. 

 

Қуаныш ҚАСЫМҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу