Рухани жаңғыру – бірлікке бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру – бірлікке бастайды

26.06.2017

Елімізді рухани жаңғыртуға арналған бағдарламалардың орындалуы үшін әрбір қазақстандық белсене атсалысу керек. Бұл Алматыда бас қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ортақ ойы. Олардың пайымынша, еліміздегі барлық ұлттар рухани жаңғыруға үн қосып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту қажет.

Мәселен, шаһардағы түрлі этномәдени бірлестіктер осы бағытта жұмысқа қазірден ден қойған. Олар жастар арасында «Тіл-тұғырым» атты байқау ұйымдастырып, жеңімпаздарды өңірдегі тарихи орындарға апаруды жоспарлап отыр.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу