«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы басталады

12.05.2017

«Қазақстандық 100 жаңа есім». Бүгін Астанада осы тізімге кімдер енетіні талқыланды. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жүргізген жиынға депуттатар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Отырыста тізімге кіретіндерге қойылатын талаптар мен критерийлері сөз болды. Осы жоба аясында құрылған жұмыс тобының сөзінше, ерекше есімдер арасында  майталман мамандар мен еңбегімен ерекшеленген табысты адамдар болуы қажет. Сонымен қатар, жобаға қатысушылар әрбір қазақстандыққа үлгі бола білуі керек.  Осыған байланысты, Дәурен Абаев жұмыс тобына тиісті талаптарды реттеп, жұмысқа жан-жақты атсалысу қажеттігін жеткізді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу