Алаштанушылар Қарағандыдағы Октябрь ауданына Ә.Бөкейхановтың есімін беру бастамасы кейінге қалғанына алаңдаушылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаштанушылар Қарағандыдағы Октябрь ауданына Ә.Бөкейхановтың есімін беру бастамасы кейінге қалғанына алаңдаушылық білдірді

14.04.2017

Алаш қозғалысы мен Алаш арыстарына лайықты баға берілмей отыр. Олардың атына көше, ауыл, аудан аттарын беріп, еңбектерін зерттеу - біздің парызымыз.

 

Бұл туралы «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына қатысты өткен жиында айтылды. Алаштанушылар Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың есімін беру туралы бастама кейінге қалғанына алаңдаушылық білдіріп отыр.

 

Дегенмен, Елбасының мақаласындағы ұлттық құндылықтарға қатысты мәселелерді ескере отырып, көп кешікпей халыққа еңбегі сіңген ерлердің есімдері елге қайтарылатынынан үмітті екендерін айтты.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу