Мәулен Әшімбаев «нұротандықтарға» лайықты наградаларын табыс етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев «нұротандықтарға» лайықты наградаларын табыс етті

14.12.2018

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында партия қызметкерлерін мемлекеттік және партиялық наградалармен марапаттау салтанаты өтті. Салтанатты шараға партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысып, «нұротандықтарға» лайықты наградаларын салтанатты жағдайда табыс етті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматарға құрмет көрсету дәстүрге айналған. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен «Парасат» орденін тағынды.

«Құрмет» орденін Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова, «Айқын-Литер» ЖШС директоры Нұрай Оразов сынды бірқатар азаматтар иемденді.

«Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен 61, ал, «Құрмет» грамотасымен 111 «нұротандық» марапатталды. Олардың қатарында Мәжіліс депутаттары мен партияның орталық және аймақтық филиалы өкілдері бар.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу