Мәжіліс депутаттары «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерімен марапатталды

14.12.2018

Бүгін Парламент Мәжілісінде Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталған мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты өтті. Елбасының атынан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата депутаттары мен аппарат қызметкерлеріне наградаларды табыс етті. Мәжіліс төрағасы атап өткендей, 27 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кең байтақ Қазақстанымызды Тәуелсіз ел деп жариялап, жас мемлекетіміз алғашқы қиын кезеңдерден аман-есен өтіп, бүгінде бүкіл әлемге сыйлы, беделді елге айналды. «Осының барлығы - Президенттің салиқалы саясатының және елдегі береке-бірлігінің жемісі», - деді Нұрлан Нығматуллин.

Депутаттар мен Мәжіліс аппараты қызметкерлері «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу