Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде «Мен қазақстандық өнімді қолдаймын» атты акция басталады. Игі іске Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті ұйытқы болып отыр. Шара барысында қазақстандық өнімді әлеуметтік желілерде, оқу орындарында насихаттау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бүгін департамент басшылығы бір жылдық жұмысын қорытындылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен латын әліпбиінде диктант жазу шарасының қорытындысын жариялады.
Мирхан Ермағамбетов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бас сарапшысы:
- Бүгінгі күнге дейін республика жастарының жартысы сол акциямен қамтылды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ