Астанадағы №71 мектеп-гимназиясында кітаптар мерекесі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы №71 мектеп-гимназиясында кітаптар мерекесі ұйымдастырылды

26.12.2016
Кітап – рухани қазынамыз. Өнеге мен тәрбиенің негізгі құралы. Мектеп жасынан балғындардың білім шамшырағына деген зор құштарлығын оята білу қажет. Зиялы әрі парасатты ұрпақ қалыптастыруда кітаптың орны ерек. Себебі, ойы ұшқыр, жан-жақты, зерек жастар – мемлекет кепілі.

Астанадағы №71 мектеп-гимназиясында Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп кітаптар мерекесі ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар ақыл-ой тірегі саналатын кітаптың тәрбиелік маңызына тоқталды.


Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу