Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы 50 отбасы жаңа үйге қоныстанды
16.12.2016
Талай жылдан бері баспана тауқыметін тартқан 50 отбасы Шолаққорған ауылының шетінен салынған жаңа үйлерге жайғасып, қоныс тойын өткізді. Сондай-ақ, өңірдің теріскейінде 14 балабақша мен ардагерлер үйі ел игілігіне берілді.