Елордада Президент штандарты салтанатты түрде көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Президент штандарты салтанатты түрде көтерілді

01.12.2016
Бүгін - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні. Осы мерекеге орай Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің «Құрмет» ротасы Ақордада ерекше сап түзеді.

Алдымен, қарауылдардың салтанатты түрде ауысу рәсімі болды. Бұдан кейін әскери оркестр Әнұранымызды қалықтатты. Ал, сымдай тізілген «Құрмет» ротасы сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің штандартын салтанатпен Ақорданың алдына алып келді.


Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу