Ақтөбеде Президент оркестрінің концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Президент оркестрінің концерті өтті

30.03.2016
Ақтөбеде Президент оркестрінің концерті өтті
Бұл - Президент оркестрінің Ақтөбедегі алғашқы концерті. Сондықтан болса керек, көрермендер залға лық толды. Ұжым репертуарындағы дәстүрлі ән-күйлерді, әлемдік деңгейдегі ең үздік шығармаларды орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Ақтөбеліктер әсіресе, Жанна Сандыбаева, Әсел Әлібековалардың өнеріне ерекше қошемет көрсетті. Өнер ұжымының гастрольдік сапары одан әрі еліміздің батыс аймағындағы өзге облыстарда жалғаспақ.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу