25 жылда 983 733 адам Қазақстан азаматтығын алды 

24.11.2016
25 жылда 983 733 адам Қазақстан азаматтығын алды 

Тәуелсіздік алған жылдары елімізге 983 мыңнан астам адам көшіп келген.

Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында адамдардың көшіп келуі, көшіп кетуі мен азаматтық алудағы жеңілдетілген жүйенің жұмыс барысы пысықталды.

Мемлекеттік хатшы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан азаматтығын алам деушілерді ерекше ықыласпен қабылдаймыз»,- деді.  

Хабарламаларға жазылу