«Астана-ЭКСПО» көрмесіне қойылған аграрлық саладағы жобалар іріктелуде. Олардың ішінен Қазақстанның жер жағдайы мен климатына сай келетіні таңдалып алынады. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында Аграрлық ғылыми зерттеу орталығының басшысы Асқар Наметов мәлімдеді.
Әзірге барлығы 66 жобаға таңдау түсіп тұр. Олардың ішінде тыңайтқыш өндірісі, өте аз шығынмен су тарту сияқты жобалар бар. Бірақ, осы 66 жоба ұзақ мерзімде зерттеледі. Ғалымдар оларды қазірдің өзінде екі топқа бөліп қарастырып отыр.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ