Баламалы энергияны дамытуда еліміз кеш қалмауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баламалы энергияны дамытуда еліміз кеш қалмауы керек

21.09.2017

Бүгін Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «ЭКСПО-2017: Экономика. Энергетика. Экология» тақырыбында халықаралық семинар өтіп, мамандар осы бағытта өз ойларымен бөлісті. «ЭКСПО» көрмесі өз міндетін толық атқарып шықты. «Жасыл» энергия бойынша жүздеген ғылыми еңбектер мен жобалар Астана төрінде үш ай тұрды. Енді әрі қарай ішінен ең озығын таңдап, нақты жобаларды жүзеге асыру керек. Оның үстіне қазір көп инвесторлар Қазақстанда осы бағытта қаржысын жұмсауға дайын. Қазір нарықта қытайлық инвесторлардың белсенділігі жоғары.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу