«ЭКСПО» көрмесі кезінде 9 мың адамға медициналық көмек көрсетілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесі кезінде 9 мың адамға медициналық көмек көрсетілген

21.09.2017

Оның 1500-і - шетелдік азамат. Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық шараны өткізу барысында дәрігерлердің атқарған жұмысын қорытындылады. Үш ай бойы тынымсыз еңбек етіп, жоғары кәсібилігін көрсеткен дәрігерлер Денсаулық сақтау министрінің қолынан Алғыс хат алды. Елжан Біртанов «ЭКСПО» көрмесін өткізу барысында қандай да бір асқынулар мен проблемаларға жол берілмей, науқастарға тиісті медициналық көмек кәсіби түрде көрсетілгенін ерекше атап өтті. Ал, ақ халаттылардың өздері «ел үшін маңызды мұндай ірі шарада еңбек етудің өзі үлкен мәртебе, әрі жақсы тәжірибе болды», - дейді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу