«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге атсалысқан қызметкерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге атсалысқан қызметкерлер марапатталды

15.09.2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ойдағыдай өткізуге атсалысқан қызметкерлер марапатталды. Оның ішінде түрлі саланың мамандары бар. «Қойылған міндетті мінсіз атқарып, келген қонақтардың алаңсыз демалуына, көрмемен танысуына мүмкіндік берген әр қызметкердің еңбегі зор. Тек Астананың ғана емес, барша қазақ елінің абыройын асқақтатқан шара арқылы бізді бар әлем жақсы қырымыздан таныды», - деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу