«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткен 93 күн мәдени-спорттық іс-шараларға толы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткен 93 күн мәдени-спорттық іс-шараларға толы болды

14.09.2017

Мерекелік бағдарламаларды тамашалауға келген халықта есеп жоқ. Театрлар демалысқа шықпай, елорда тұрғындары мен қала қонақтарына үздік туындыларын ұсынды.

Жалпы, көрме аясында 3 мыңға жуық түрлі кеш өткізілген. Атап айтсақ, кітапханаларда 179, мұражайларда 822 көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 98 спорттық шара, оның ішінде 6 әлем, 2 Азия чемпионаты, 3 халықаралық  жарыс және 2 Президент кубогы бәсекесі өтті.

Бұған қоса, 50 шақты мюзикл, 143 түрлі байқау, фестивальдер мен концерттер ұсынылды. Ал этноауыл кешенінде 500-ге жуық мәдени кеш қойылған. 33 мың әртіс өнер көрсеткен. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу