«ЭКСПО» арқасында туризм дамып, еліміз әлемге танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» арқасында туризм дамып, еліміз әлемге танылды

13.09.2017

«ЭКСПО» ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізді. Көрме арқасында 10 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Туризм дамып, еліміз әлемге танылды. Мәдениетіміз, салт-дәстүрімізбен жаһан жұртшылығы танысты. Жалпы, халықаралық шара барысында іс-шаралардың 70 пайызы ашық аспан астында - парктер мен арнайы алаңдарда өтті. Елорда тұрғындары мен қонақтарының есінде қалған ең жарқын сәттерді тілшіміз тізбектеді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу