Үш ай бойы Астанадағы Елбасы кітапханасында еңбек еткен еріктілер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш ай бойы Астанадағы Елбасы кітапханасында еңбек еткен еріктілер марапатталды

13.09.2017

Бұл қошеметтің қатарында жастарға қолдау көрсеткен ата-аналары мен ұстаздары да бар. «ЭКСПО» көрмесі кезінде елордадағы 12 оқу орнының 80-ге жуық өрені рухани шаңырақта өз еріктерімен жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында Елбасының сара жолымен танысу үшін  кітапханаға 70 мыңға жуық адам келген. Бұлардың қатарында шетелдіктер де бар. Өздерін «Елбасы еріктілері» деп санаған жастар меймандарға қызмет етті, экскурсия жүргізді. Әрі өздері де мол ақпаратқа қанықты.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу