«ЭКСПО» қалашығында жұлдызды аспан көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» қалашығында жұлдызды аспан көрмесі ашылды

06.09.2017
«ЭКСПО» қалашығында жұлдызды аспан көрмесі ашылды

«ЭКСПО» қалашығындағы Шанғай ынтымақтастығы ұйымының павильонында ерекше көрме ашылды. Онда әлемнің әр түкпірінен түсірілген түнгі аспанның суреттері қойылған.

Ұйымдастырушылар бар әлемге ортақ көріністі бір жерге жинап, бүгінгі ұрпақты өнермен, табиғатпен, экологиямен және болашақпен байланыстыруды көздейді. Осылайша адамзатты тазалыққа, ұқыптылыққа өз елінің ғана емес әлемнің патриоты болуға шақырады. Үздік фотографтардың туындылары қойылған көрме төрт күнге, яғни 9 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу