Астанада Қазақстан - Малайзия бизнес-форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан - Малайзия бизнес-форумы өтуде

06.09.2017

Қазақстан мен Малайзия ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуді көздеп отыр. Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО» көрмесінің арқасында екі ел бірқатар ортақ жобаны іске асырмақ. Жақында мұнай-газ саласында бірлесе жұмыс істеу үшін қос мемлекет меморандумға қол қойды. Осы күндері елімізде Малайзияның 8 компаниясы жұмыс істеп жүр.

Бизнес-форумға жиналған кәсіпкерлер бүгінге дейін атқарылған шаруаларды пысықтап, «жасыл» энергия бағытындағы алға қойылған міндеттерді нақтылады. «ЭКСПО»-ның тақырыбы «Болашақ энергиясына» арналған жиында малайзиялықтар көрменің ұйымдастырылуына оң баға берді.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу