«ЭКСПО» көрмесінің абыройлы өтуіне еріктілердің еңбегі ерен болды. Бүгін Ахметжан Есімов пен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен еріктілер форумы өтті. Шара барысында «ЭКСПО-2017» ұлттық компания басшысы үздік волонтерларды марапаттап, алғысын білдірді.
Айта кетейік, көрмеде 4 жарым мың ерікті қызмет етті. Олардың 200-ден астамы шетелдерден келген. Ең жас ерікті 14 жаста болса, ең үлкені 84 жаста болған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ