Германиялық мамандар: Қазақстанда қоршаған ортаға зиян келтірмей энергия өндіруге барлық мүмкіндік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиялық мамандар: Қазақстанда қоршаған ортаға зиян келтірмей энергия өндіруге барлық мүмкіндік бар

04.09.2017

Қазақстанда қоршаған ортаға зиян келтірмей энергия өндіруге барлық мүмкіндік бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру үшін Германия озық тәжірибелерімен бөліспек. Бұл туралы «Болашақ энергиясы» форумында Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм мәлім етті.

Оның айтуынша, біздің елде энергия өндірудің 2 түрі қатар дамиды. Атмосфераға бөлінетін улы заттардың мөлшерін азайту үшін көмір, мұнай, газдан қуат алу технологиясын жетілдіру керек. Ал, Еуропа елдері бұл бағытта алдыңғы қатарда.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу