Кәсіпкер әйелдер «жасыл» экономикаға бет бұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер әйелдер «жасыл» экономикаға бет бұрды

31.08.2017

«Жасыл» экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілету ісінде  әйелдердің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, белсенді қыз-келіншектерге қолдау қажет. Мұндай пікір Астанадағы «Әйелдер - болашақ энергиясын қолдайды» атты халықаралық форумда айтылды. Жиынға 25 елден шетелдік қонақтар келген.

Салтанатты шарада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова адамзаттың «жасыл» экономикаға ауысуы және баламалы энергетиканы қолдануына нәзік жандылардың ерекше үлес қосу керектігін айтты. 

Сәуле АЛДАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу