«Таңшолпан». АҚШ павильонының ерекшелігі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». АҚШ павильонының ерекшелігі (ВИДЕО)

23.08.2017

АҚШ павильонының басты тақырыбы – «Энергия көзі - адамның өзі». Павильондағы жел генераторлары мен жылу станциялары орналасқан панель арқылы энергияны қолдану аясы мен тиімділігін көруге болады. Жақында америкалық компания Қазақстанда өз филиалын ашуды көздеп отыр. Олар көрме тақырыбын іс жүзінде дәлелдеп, тәжірибе алмасқылары келеді. 

Көрмеге АҚШ-нан 40 ерікті келіп отыр. Олардың ішінде америкалық Кларисса Родригездің. Ол осыдан екі жыл бұрын біздің елге қазақ, орыс тілдерін меңгеру мақсатында келіп, білім алған.

Жақында Клариссаның досы Атырау қаласына қонаққа шықырған. Америкалық студент қыз қазақ тойынан ерекше әсер алыпты.

«2015 жылы мен Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түстім. Сол кезде қазақ мәдениетімен бірінші рет таныстым. Осымен үшінші рет келіп отырмын. Қазақ тілін әлі де үйренудемін. Достарым көмектеседі. Ұстазым Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін үйретіп жатыр.

Маған қазақтың тойлары ұнады. Әсіресе билегендері. Қазақтың камзолын ұнатамын. Маған домбыра сыйлады. Бұл саяхатым арқылы қазақтардың қонақжайлылығына көзім жетті. Осы сапарда ет тағамынан дәм таттым.

Қайықпен Есілде жүздім. Байқағанымша Астана түнгі уақытта ерекше», - дейді ерікті.  

Хабарламаларға жазылу