Үндістанның дәстүрлі билері – «ЭКСПО»-да - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның дәстүрлі билері – «ЭКСПО»-да

23.08.2017

Үндістанның этникалық би топтары Астанада. «ЭКСПО» көрмесі аясында Үндістанның Гуджарат штатынан келген бишілері өнер көрсетті. Олар кеш бойы көрме қонақтарына халық билерінің үлгілерін көрсетіп, тамаша көңіл-күй сыйлады. Көрермендер әсіресе, «гарбо» биін ерекше ықыласпен қабылдады. Себебі, ол жарық лампаларының айналасында орындалады. Сондай-ақ, «гарбо» биін Шакти Құдайы суреттерінің жанында билеу қажет. Бидің бұл түрі әдетте, Үндістанда тоғыз күнге созылатын Навратри фестивалі кезінде танымал. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу