Бурабайлық Балғабай Құлпейісов «Серілер көші» деп аталатын велошеру ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайлық Балғабай Құлпейісов «Серілер көші» деп аталатын велошеру ұйымдастырды

18.08.2017

Ол бұл шараны «ЭКСПО» көрмесіне арнап отыр. Өзі де Астанаға дейінгі 300 шақырымдық қашықтықты велосипедпен жүріп өтпек. Әуесқой велошабандоздың шеруі Бурабай өңірінің Абылайхан алаңынан бастау алды. Балғабай Құлпейісов жолда өңірдің аудандарына аялдап, әр аймақтан бір серіден жанына серік етпек. Сонымен бірге, 30-ға тарта әуесқой велошабандоз шеруге қосылады. Осылайша, жолай қосылған велошабандоздармен бірге елордаға жетіп, көрменің жабылу салтанатына қатыспақ.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу