Туроператорлар «ЭКСПО»-ның  ұзартылуын қалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туроператорлар «ЭКСПО»-ның  ұзартылуын қалайды

15.08.2017

2 ай ішінде «ЭКСПО» қалашығына 15 мың қонақ орналастырылған екен. Қонақ демекші, бүгін еліміздің 30-ға жуық туристік компаниясының өкілдері «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясынің төрағасы Ахметжан Есімовтен көрме уақытының ұзартылуын сұрап, петицияға қол қойды. Себебі, «ЭКСПО» арқасында сыртқы және ішкі туризмнен келген табыс артқан. 200-ге дейін қосымша жұмыс орындары ашылып, рестораторлар кірісті бірнеше есеге көбейткен. Қаладағы қонақүйлердің іші болса, курорттық қалалардағыдай толып қалыпты. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу