EXPO-2017. Жайық өңірінің инновациялық жобалар көрмесі ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017. Жайық өңірінің инновациялық жобалар көрмесі ұсынылды

04.08.2017

«Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті». Бүгін «ЭКСПО» көрмесі аясында осындай атаумен форум өтті. Батыс Қазақстан облысынан келген делегациямен кездесуге 33 елдің елшісі мен дипломаттар келді. Олар Орал өңірмен танысып, өңірдегі жобаларға инвестиция құю мүмкіндіктерін талқылады. Іскерлік шарада келісімшарттар мен меморандумдар бекітілді. Жайық өңірінің инновациялық жобалар көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, «ЖайықМұнайГаз», «Қарашығанақ» кен орнындарындағы жобаларды кеңейту және оған сырт мемлекеттерден мамандар мен қаржы тарту да қарастырылды. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу