«ЭКСПО-2017»: Көрме қонақтарының саны 2 миллионға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»: Көрме қонақтарының саны 2 миллионға жуықтады

02.08.2017

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің 54-ші күні. Осы уақыт аралығында халықаралық шараны тамашалағандар саны 2 миллионға жуықтады. Бұл «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының мәліметі. Халықаралық шараны 2 миллион адам тамашалайды, кіріп шығу көрсеткіші кемінде 5 миллион шамасында болады деп жоспарланған.

Соңғы аптада көрмеге орта есеппен күніне 44 мыңнан астам адам кірген. Көрме ашылған уақытта бұл көрсеткіш 23 мыңның айналасында болатын. Қонақтар «Нұр әлем», коммерциялық павильондар, балалар паркіне көп барады екен. Ал, көрермендерді көп қабылдайтын павильондардың көшін Африка плазасы бастап тұр. Тізімді Индия, Мысыр, Түркия, Ресей алаңдары жалғайды.    

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу