ЭКСПО көрмесі аясында Африка әйелдері күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО көрмесі аясында Африка әйелдері күні аталып өтті

01.08.2017

Әйелдер келер ұрпаққа энергияны қалай бере алады? Осындай атаумен ЭКСПО көрмесі аясында Африка әйелдері күні аталып өтті. Шара форум түрінде ұйымдастырылған. Онда Африка әйелдерінің қоғамдағы рөлі, олардың бойындағы таусылмас энергиясы сөз болды. Жалпы, Африка халқы шілденің 31-де екінші рет 8 наурызды тойлайды. Сондықтан, ыстық континенттен келгендер үшін бұл мерекенің маңызы зор. Кеште Габон Республикасы, Сомалиден келген қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, бұл мемлекеттердегі әйелдердің өмірі туралы айтып берді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу