«ЭКСПО-2017»: Габон Республикасының ұлттық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»: Габон Республикасының ұлттық күні

31.07.2017

«Болашақ энергиясы» тақырыбы жаһан жұртын Астанаға тоғыстырды. Себебі, бұл тақырып тек Қазақстан үшін емес, әлемнің барлық елі үшін маңызды. Габон Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Бонже Нан Нгомо осылай деді. Кеше «ЭКСПО» қалашығында осы елдің ұлттық күні аталып өтті. Орталық Африкадан келген қонақтар көрме тақырыбына қатысты тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, өз халқының мәдениетін, әні мен биін де көрермендерге паш етті.

Қазақстан тарапы болса, екі ел арасындағы ынтымақтастық әрі қарай нығая түсетіндігіне сенім білдірді.  
 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу