Суреттер сөйлейді... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суреттер сөйлейді...

28.07.2017

Ақын Қадыр Мырза Әлінің айтқаны бар. «Қазақ ақсың ба, қарасың ба, қоңырсың ба жатырқауды білмейді». Рас, ЭКСПО  көрмесін 1,5 ай ішінде әлемнің әр түкпірінен әр қилы турист келіп тамашалады. Бірақ, бұл жолғы қонақтар ерекше. Олар көрмені сіз бен біздей көрмейді, басқа қырынан қарайды. Ғылыми жаңалықтардың салмағын ғана өлшемей, қалашықтың сұлулығына, архитектуралық артықшылығына мән береді. Бүгін халықаралық көрмені көрмекке көрші күншығыс елінен бір топ суретші келді. Қатарында қазақ үшін Қастеевтей қастерлі Қытайдың халық суретшісі де бар. Тілшіміз Әсем Изатқызы әңгімелейді.  

 

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу