«ЭКСПО-2017»: Қытай павильонын 230 000 адам тамашалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»: Қытай павильонын 230 000 адам тамашалаған

27.07.2017

«ЭКСПО» көрмесіндегі Қытай павильонын бүгінге дейін 230 мың адам тамашалаған. Бүгін павильонда Шэньси провинциясының апталығы ашылды. Алдағы бірнеше күн бойы Астана мен көрме аумағында бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.

Атап айтсақ, қытай ән би кеші мен ұлттық опера өнерінің туындылары орындалады. Сондай-ақ, арнайы келген аспаздар ұлттық тағамдар көрмесін де ұсынбақ.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу