Бұл мемлекеттің дәл бүгінгі күнді таңдауы бекер емес. Оңтүстік Африка Республикасының негізін қалаушы, азаттық жолында күрескен қаһарман тұлғасы Нельсон Манделаның бүгін туған күні. Өздері «Азаттық күні» деп атап өтетін мерекеге биыл 23 жыл. Бүгін «ЭКСПО» қалашықта Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық күніне орай туы көтеріліп, әнұраны шырқалды.
Одан бөлек, Нельсон Мандела туралы жазылған кітаптың қазақ тіліне аударылған нұсқасы көпшілікке таныстырылды. Кітапты қазақ тіліне тәржімалаған жазушы-академик Бақытқожа Рүстемов. Бұдан басқа, ОАР-дың ұлттық күндері аясында бірнеше кино көрсетіледі. Соның бірі Нельсон Манделаның өміріне арналған «Бостандыққа ұзақ жол» атты көркем туынды.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ