Қазақстандық танымал альпинист Мақсұт Жұмаев «ЭКСПО» көрмесіндегі Австрия павильонының биіктігін бағындырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық танымал альпинист Мақсұт Жұмаев «ЭКСПО» көрмесіндегі Австрия павильонының биіктігін бағындырды

18.07.2017

Үш қабатты үймен тең болатын арнайы құрылыс 800-ден аса шаршы метр аумақты алып жатыр. Мақсұт Жұмаев оны альпинистік жабдықтарсыз еш қиналмастан өтті. Австрия павильоны – «ЭКСПО» аймағындағы ерекше нысандардың қатарында.

Қазақстандық альпинист бағындырған құрылыс барлық павильонды алып жатыр. «ЭКСПО» қонақтары бұдан бөлек, отандық альпинклубтың таныстырылымына қатысып, әлемнің ең биік шыңдарын бағындырған альпинистер жөнінде қызықты ақпараттар алды. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу